Мастексай ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды – БҚО

Бөлісу:
Мастексай ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды – БҚО
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап іске қосылған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жаңақала ауданы, Мастексай ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 449 шаршы метр болатын медициналық нысанда тәулігіне 35 адам тиісті ем-шара процедураларын ала алады. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, физиотерапия бөлмесі, ЛФК, емдеу бөлмесі, вакцинация кабинеті, жеке қорғаныс құралдарын ауыстыруға арналған бөлмелер, изоляциялық палата, акушерлер кабинеті және дәріхана орналасқан. Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

Медицина нысанының ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарымызды дамытуға барынша мән берілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда 2023 жылдан бері 36 нысан іске қосылды. Бұның бәрі – бірінші кезекте тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жасалып отырған жұмыстар, – деп атап өтті БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Өзгелердің жаңалығы