MAST NEWS – Мәдениет және спорт министрлігінің ресми Тelegram-каналы

15 Маусым 2022, 19:45
1547
Бөлісу:
MAST NEWS – Мәдениет және спорт министрлігінің ресми Тelegram-каналы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министрліктің қызметі тек мәдениет және спорт салаларымен шектелмейді. Біз туризмді дамытумен, архив ісімен, кітаптар шығарумен, мемлекеттік рәміздер, ономастика мәселелерімен де айналысамыз, деп хабарлайды  Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

М-madeniet  A – arhiv  S – sport  Т – turizm 

Мәдениет және спорт министрлігінде осы бағыттар бойынша жұмыс істейтін төрт комитет бар. Атауынан басқа не өзгереді? Telegram-канал министрліктің ғана емес, министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметі туралы эксклюзивті ақпарат жеткізушісі болады.

 Ресми өтініштер мен құжаттар, театр афишасы, түрлі жобалар мен байқаулар туралы ақпарат, баспасөз анонсы, пресс- релиздер, аудио және видеоматериалдар да осы жерде қолжетімді болады. Қоғаммен тығыз байланыс болмаса, сапалы коммуникация құралын қалыптастыру мүмкін емес. 

Сондықтан да сіздердің ұсыныстарыңыз бен қолдауларыңызды күтеміз.

Өзгелердің жаңалығы