Массажист атын жамылған африкалық интимдік қызмет көрсетіп келген

19 Қыркүйек 2023, 22:25
1039
Бөлісу:
Массажист атын жамылған африкалық интимдік қызмет көрсетіп келген
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Батыс Африка азаматшасы БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 жылғы Орал қаласының тұрғынын анықтады. 

Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 жылғы бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған. ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы