Өзбекстандағы Сурхандарья облысында 48 жастағы ер адам қызының жігіті туралы айтылған сыбысқа ашуланып, жас жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Millar таратқан мәліметке сүйенсек, тергеу деректері бойынша, жас жігіт қыздың үйіне барып, олардың арасындағы қарым-қатынас туралы сыбыс ауыл арасында тез таралып кеткен. Бұл хабар қыздың әкесіне де жетіп, ол өзін "масқараланған" деп сезініп, ашуға бой алдырған.
Әкесі ішімдік ішіп, жігіттің үйіне барып, оны бірнеше рет телефон арқылы шақырып, айқайлаған. Соңында ол жігітті пышақтап өлтірген. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өкініш білдірді. Ол Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды.