Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,1 млн адам жалпы сомасы 338,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алды.
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражатынан төленетін мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінуге болады. 2021 жылы бұл төлемді 26,9 млрд теңге сомасына 94,7 мың адам алды.
Асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражатынан төленетін асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша қайтыс болған МӘСЖ қатысушысының асырауындағы адамдарға тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жүгінуге болады. 2021 жылы бұл төлемді 17,7 млрд теңге сомасына 57,7 мың адам алды, - делінген хабарламада.
Жұмысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жұмыссыз ретінде тіркелген МӘСЖ-ға қатысушыға тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін:
- егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, Мемлекеттік корпорацияға;
- жұмыссыз ретінде тіркелген кезде Халықты жұмыспен қамту орталығына;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда egov.kz веб-порталы арқылы;
- «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы (enbek.kz) жүгінуге болады.
Аталған төлем МӘСЖ-ге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табыстың шамамен 40% - ын құрайды. 2021 жылы бұл төлемді 16,2 млрд теңге сомасына 105,7 мың адам алды.
Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жұмыс беруші белгілеген жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде МӘСЖ-ге қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл төлемнің мөлшері соңғы 12 айдағы МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төленген табыстарға және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. 2021 жылы бұл біржолғы төлемді 225,5 мың болашақ ана жалпы сомасы 123,6 млрд теңгеге алды.
Сондай-ақ, 2021 жылы 662,8 мың алушыға 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-нан жалпы сомасы 154,5 млрд теңгеге ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
Бұл төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішіндегі МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері – міндетті зейнетақы жарналарының сомасына қосымша аударумен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ұқсас ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы деңгейінде белгіленген. Төлемнің ең жоғары мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40% - ынан аспайды, яғни 2022 жылы – 168 мың теңге, - делінген министрліктің хабарламасында.
«Асыраушысынан айырылған жағдайда» қоспағанда, жоғарыда көрсетілген тағайындалған әлеуметтік төлемдерден МЗЖ ұсталып, алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілдерінің бірі – азаматтардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өтінішінсіз проактивті формат болып табылады. Мұндай жағдайларда азаматтардың ұялы телефонына төлемдерді ресімдеуге қатысты sms-хабарлама келеді, оған келісім беру қажет.
Проактивті қызмет көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі Электрондық үкімет порталында (egov.kz) тіркелген, әлеуметтік тәуекелдің туындағаны туралы ақпараттық жүйелерден мәліметтер алған, соңғы 24 айда, ал жүктілігі мен босануы бойынша соңғы 12 айда МӘСҚ-қа келіп түскен әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ банк шотының нөмірінің болған жағдайда көрсетіледі.
Сондай-ақ, баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді egov.kz арқылы ресімдеуге болады.
Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берудің дәстүрлі тәсілдері қағаз нысанында құжаттарды беруге ыңғайлы адамдар үшін де қолданылады.
МӘСҚ-тан төленетін барлық төлемдер туралы толық ақпаратпен www.gfss.kz интернет-ресурсынан білуге болады.