МӘСҚ. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша -тен 1 млн астам адам әлеуметтік төлем алды

30 Шілде 2024, 17:49
369
Бөлісу:
МӘСҚ. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша -тен 1 млн астам адам әлеуметтік төлем алды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бес әлеуметтік тәуекел бойынша 453 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген 30%-дан 100%-ға дейінгі дәрежеде және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл төлемді 23,1 млрд теңге сомасына 94,8 мыңнан астам адам алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% - ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 57 220 теңгені құрады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысына қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тен төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Биылғы 6 айда аталған төлемді асыраушысынан айырылған 63,4 мың отбасы 17,1 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 %-ға көп. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 59 968 теңгені құрады.

МӘСҚ-тен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Негізгі шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және табысты ауыстыру коэффициентіне (45%) байланысты.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған төлем 39 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 180,2 мың адам алды, бұл 2023 жылдың 6 айында алушылар санынан 1,6 есе артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері – 73 081 теңге.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл біржолғы төлемді 129,5 мың адам жалпы сомасы 180,8 млрд теңгеге алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 528 846 теңгені құрады.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

Осы жылдың 6 айында бұл төлем 137,7 мың адамға тағайындалды, оның ай сайынғы орташа мөлшері 81 823 теңгені құрады. Төлем 193 млрд теңге сомасына жүргізілді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жұмыс істемейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Өзгелердің жаңалығы