Мәслихаттардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілдерді ашық болуға үйретті

6 Қараша 2021, 18:17
1781
Бөлісу:
Мәслихаттардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілдерді ашық болуға үйретті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ қолдауымен және тікелей қатысуымен «Internews Қазақстан» 4-5 қарашада «Ақпаратқа қолжетімділік, мәслихаттар қызметіндегі ашықтық және айқындық» атты екі күндік вебинар ұйымдастырды.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вебинарға «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның жаңа талабына сәйкес биыл мәслихаттарда айқындалған ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілдер қатысты. Олар бүгінде ақпараттық ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты. Оқыту аясында әлеуметтік желілерде және ресми сайтта мәслихаттардың қолданыстағы заңнамасы мен жұмыс тәжірибесіне шолу жасалды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Мәслихаттардың ашықтық және айқындылық индексі» зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Уәкілетті тұлғаларды қызықтырған барлық сұраққа жауаптар берілді.

Қатысушылар маслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыру, оларды анонстау, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына көшу және депутаттардың сайлаушылармен кері байланыс мәселелеріне аса қызығушылық танытты (Ескертпе: МО ИРБП (www.gov.kz) – барлық орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар және кейбір жергілікті өкілді органдардың сайттарын біріктіретін платформа).

Вебинар қорытындысы бойынша уәкілетті тұлғалардың жұмысын жақсарту және мәслихаттардың ашықтығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәслихаттар отырыстарының міндетті онлайн көрсетілімдерін енгізу қажеттігін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы