Мәслихат депутаты балалар орталығын ашып берді

16 Маусым 2021, 18:02
7294
Бөлісу:
Мәслихат депутаты балалар орталығын ашып берді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының депутаты Шухрад Шардинов Түрксіб ауданында балаларға арналған бос уақытын өткізу орталығын ашып берді. Депутат жобаға шамамен 19 млн теңге жұмсаған.

Балалар орталығы Жұлдыз шағын ауданындағы тұрғын үйдің жертөлелерінің бірінде орналасқан. Орталықта балалардың жайлы және қызықты уақытын өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Кеңістікте білім беру, ойын-сауық, сондай-ақ спорт секциялары бар 9 станция (қазақша күрес, сурет салу, би, шахмат клубы) орын алған.

Мәслихат депутаты балалар орталығын ашып берді

Бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы оның азаматтарының шығармашылық және адамгершілік әлеуетінің өсуінсіз мүмкін емес. Бұл қасиеттердің қалыптасуы бала кезден бастап мектептердің және қоғамдық ұйымдардың мақсатты жұмысы арқылы жүреді. Бос уақытын өзіне қызықты өткізу балада өзіндік құндылық сезімін қалыптастырады. Сол үшін, біз бүгін барлық жағдайды жасап отырғанымызға өте қуаныштымын. Бүгінде балаларымыз, ең жас қазақстандықтар жан-жақты, ақылды және үйлесімді тұлғалар болып өсуі маңызды. Балалар назардан тыс қалмауы үшін біз осындай жобаларды қолдауға және дамытуға дайынбыз, - деді мәслихат депутаты, АЗМК ЖШС директоры Шухрад Шардинов.

Депутаттың айтуынша, жақын арада Түрксіб ауданында балаларға арналған қосымша тегін орталықтарды ашу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы