Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары студенттерді дәстүрлі оқу форматына көшіру мәселесі бойынша жатақханалардың дайындығын тексерді.
Оффлайн оқудың жариялануына және басқа қаладан келген студенттердің Алматы қаласына келуіне байланысты қалалық мәслихат депутаттары Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында студенттердің тұратын, оқитын, демалатын жатақханалары қажетті шарттарға, сондай-ақ санитарлық нормаларға сәйкес келетіні анықталды.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша ескертулер болған жоқ, алайда дезинфекциялық тоннельдер жоқ. Қазіргі уақытта басты проблемалардың бірі - бұл бос орындардың болмауы. Ол үшін бес жыл ішінде жатақханалардағы орын жетіспеушілігін азайту бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл бастама 2025 жылға дейінгі қаланы дамыту Бағдарламасында қарастырылған. Сондай - ақ, 2022 жылдың соңына дейін "Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы" бағдарламасы аясында 75 мың орын және 184 жаңа жатақхана салу жоспарланған, - дейді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.
Депутаттың айтуынша, бүгінде 129 жоғары оқу орны мен 795 кәсіптік білім беру мекемесінде оқитын 1 млн - нан астам студенттің 175 мыңы ғана 16% жатақханамен қамтамасыз етілген.
Депутат студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін мемлекеттік бюджеттен 118 миллиард теңге бөлу жоспарланғанын жеткізді.