"Крокус сити холлдағы" терактіге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың барлығы 22 мамырға дейін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, оған дейін тергеу шараларын аяқтап, қылмыстық істі сотқа Мәскеудегі Басман сотына жіберілуі керек.
Сот алдында төрт адам жауап береді. Олар: Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализод, Шамсидин Фаридуни мен Мухаммадсобир Файзов.
22 наурызда камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" концерт залына баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Оқиға "Пикник" рок-тобының концерті басталардан бірнеше минут бұрын болған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.