Мәскеудегі ауқымды өрт ауыздықталды

19 Маусым 2021, 22:56
2978
Бөлісу:
Мәскеудегі ауқымды өрт ауыздықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудегі пиротехника қоймасында болған өрт ауыздықталды. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Мәскеу бойынша ТЖМ мәліметінше, тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған. 
Мәскеу орталығындағы Лужнецкая жағалауындағы пиротехника қоймасындағы өрт сағат 19:15-те (Мәскеу уақыты бойынша - ред.) ауыздықталды. Өрт 500 шаршы метрге таралды, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге бір қайық және 3 тікұшақ тартылды. Бір өрт сөндіруші зардап шекті. Ол газбен уланып қалған көрінеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеуде пиротехника қоймасында өрт шықты.

Өзгелердің жаңалығы