Мәскеуде Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі ережелерін талқылады

5 Қыркүйек 2023, 05:14
649
Бөлісу:
Мәскеуде Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі ережелерін талқылады
Фото: gov.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік Дума мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық парламенттік комиссияның тең төрағасы Александр Жуковпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың деңгейіне жоғары баға беріп, парламентаралық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті.

Елші А. Жуковты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестіру» үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы