Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына ел басшыларынан кімдер барады?

10 Ақпан 2025, 15:54
363
Бөлісу:
Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына ел басшыларынан кімдер барады?
Фото: duma.gov.ru

Қазақстан Президенті 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысуды жоспарлап отырғаны қаңтардың соңында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы бұл сапарын Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен әңгіме барысында растады.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин де РФ президенті Владимир Путиннің шақыруын қабылдады. Бұл туралы Ресейдің Қытайдағы елшісі Игорь Моргулов "Россия-24" телеарнасының эфирінде хабарлады.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин де Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруын қабылдады. Сондай-ақ Си Цзиньпин өз кезегінде Владимир Путинді қыркүйек айының басында Қытайда өтетін салтанатты шараларға шақырды, - деді ресейлік елші.

Күзде Қытайда Жапонияны жеңудің және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы