Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлім етті деп хабарлайды РИА Новости.
№ 15 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечорконың айтуынша, клиника дәрігерлері төрт ай бойы 22 мыңнан аса науқасты қабылдаған.Соңғы күндері COVID-19 жұқтыру дерегі күрт көбейгенін көріп отырмыз, шамамен 80 пайыз, ал Мәскеу ауруханаларына ауыр жағдайда түскендер саны 70 пайызға артты... Мәскеуліктер босаңсып кетті. Еуропада бір жарым ай бұрын эпидахуал нашарлап кеткен еді, ал бүгін бізде жағдай өте ауыр. Бұл алғаш рет сәуір-мамырда тіркеліп, желтоқсанда шыңына жеткен жағдайдан да көп. Жеңетінімізге сенімдімін, - деді Собянин № 15 қалалық клиникалық ауруханадағы коронавирус стационарына барған кезде.
Дәрігер ретінде айтамын: неғұрлым көп адам вакцина алса, соғұрлым тезірек бұл жағдайдан шығамыз, - деді Вечорко.
Сондай-ақ Мәскеу мэрі COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін қосымша төрт мың төсек бар екенін айтты. Олардың жалпы саны 16 мыңға жеткен.
Еске сала кетсек, Мәскеуде 15-19 маусым - коронавирус инфекциясының таралуына байланысты демалыс күндері деп жарияланған. Яғни бұл күні ешкім жұмыс істемейді.
Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде COVID-19 жағдайының саны бір тәулікте 14 185-ке, 5 236 593-ке дейін өскен. Ең көп дерек Мәскеуде - 6 805, Мәскеу облысында - 1 135, Санкт-Петербургте 902 жағдай тіркелген.