Алматы, BAQ.KZ. Мәскеу маңындағы Орехово-Зуево кентіндегі бесқабатты үйде газ жарылды. Бұл туралы Коммерсанть басылымы жазды.
ТЖМ мәліметі бойынша, жарылыс екінші кіреберістегі үшінші қабатта болған. Жарылыс салдарынан біріншіден бастап бесінші қабатқа дейінгі пәтердің бәрі қираған. Бір адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алған.
Қалалық аурухана үш адамның жансақтау бөлімінде жатқанын, ал бір адамның жағдайы орташа ауыр екенін мәлімдеді.
Жарылыс қаладағы Гагарин көшесі 31 үйде болған. Үйден 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Алдын ала болжам бойынша газдың жарылуына ақау немесе газ жабдығының дұрыс іске қосылмауы себеп болған.