Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін

20 Мамыр 2022, 11:15
1977
Бөлісу:
Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәскеу архивтері мен кітапханаларындағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы мамыр айының 11-24 күндері аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының" РММ директоры Ж.Болдыков бастаған орталықтың мамандарынан құралған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен «Архив-2025» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында іссапарда болып, ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелу жұмыстарын жүргізуде.

Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін
Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін

Басты мақсат – Қазақстан тарихына қатысты  құнды құжаттарды іздестіріп, ғылыми айналымға енгізу. Жобаны іске асыру үшін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD доктор  Ж.Болдыков пен орталықтың ғылыми қызметкерлері К.Паримбекова, Г.Бисенова, З.Дүкенбаева, Г.Өтепова, Н.Абельдинов сақталған маңызды құжаттарды зерттеп-зерделеуде.

Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін
Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін
Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін

Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет табылса, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталған. 

Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін
Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін

4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында  жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар табылды. 

Мәскеу архивтеріндегі Қазақстанға қатысты құнды деректер елге әкелінуі мүмкін

Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған.

Өзгелердің жаңалығы