Маска мен антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды

26 Наурыз 2020, 16:35
1530
Бөлісу:
Маска мен антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Қазір барлық өңірде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз, жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері Қылмыстық кодекстің 215-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды, - деді министр.

Оның айтуынша мұндай елордада, Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, БҚО-да анықталған.
Елордада және Ақтөбе облысында маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр, - деді Дәурен Абаев. 
Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 109-ға жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді.



Өзгелердің жаңалығы