Маска коронавирустан 100% қорғамайды – профессор

27 Ақпан 2020, 15:30
2702
Бөлісу:
Маска коронавирустан 100% қорғамайды – профессор
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі медицина профессоры Алмаз Шарман коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керектігі туралы бірқатар ұсынысын айтты.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Коронавирус инфекциясының таралуы індетке айналып бара жатқан секілді. Қазірден бастап сақтық шараларын қабылдай бастаған жөн. Мен жалған ақпаратқа сеніп, үрей мен дүрбелеңге бой алдырмауға шақырамын. Шынайы ақпаратқа сеніп, инфекцияның қалай және қай кезде жұғатынын біліп алған жөн болар. Ауру екінші адамға коронавирус инфекциясына шалдыққан адам түшкірген немесе жөтелген кезде жұғады. Қасында тұрған адам ол ауамен тыныс алады несеме жұтып қоюы мүмкін, - деп жазады ол.
87848689_10158410490034684_4767736400927784960_n.jpg

 Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамнан 2 метр қашықтықта 10 минут бірге болған адам, вирус жұқтырып алады.

87967013_10158410490084684_8409245455296233472_n.jpg

 Вирусты тамшылар әртүрлі заттың үстіне автобус орындығына, кітапқа, компьютер пернетақтасына жұғып қалуы мүмкін.

87819983_10158410490074684_7088882430156734464_n.jpg

Ауруға шалдықпаудың алдын алу шараларының бірі – тазалық. Қолды жиі сабындап жуып отыру керек. Алақанды, қолдың сырт жағын, саусақтарды, тырнақты сабындап, мұқият жуу керек. Қолды 20 секундтан кем жумау керек. Түшкіріп, жөтелген кезде мұрын мен ауызды қағаз майлықпен жапқан абзал. Қолданылған майлықты бірден қоқыс жәшігіне тастаңыз. Егер қағаз майлық болмаған жағдайда, ауыз бен мұрныңызды алақанмен емес, шынтақпен көлегейлеңіз, - деді профессор.
88177351_10158410490164684_1926748588415647744_n.jpg

Шарманның айтуынша, медициналық маскалар белгілі бір қорғаныш қабатын атқарады. Олар вирустанған тамшылардан қорғайды.

87840891_10158410490224684_9093828942669807616_n.jpg

Бірақ маскалар кішкене аэрозольдық бөлшектерден қорғамайды. Сонымен қатар, ол тек ауыз қуысын ғана көлегейлеп тұрады. Ал көз ашық болады. Көз арқылы да вирус адам организіміне енеді. Сондықтан маска жүз пайыз коронавирус инфекциясынан қорғамайды, - деді ол.
87771965_10158410490289684_5061301336914526208_n.jpg

Өзгелердің жаңалығы