Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маск пен Трамп арасындағы жанжалдан кейін акциялары құлдырады

6 Маусым 2025, 12:56
609
Бөлісу:
 Nathan Howard / Reuters
Фото: Nathan Howard / Reuters

Илон Маск пен Дональд Трамп арасындағы жария жанжал олардың компанияларының нарықтағы құнына бірден әсер етті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Tesla акциялары небәрі бірнеше сағат ішінде 15%-ға құлдырап, $322-ден $275-ке дейін төмендеді. Ал Trump Media & Technology Group-тың құнды қағаздары 11%-ға арзандап, $21,8-ден $19,3-ке дейін түсті. Айта кетейік, Трамптың компаниясы биржада оның аты-жөніне сәйкес келетін DJT тикерімен тіркелген.

Дауға Трамптың Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуінде айтқан мәлімдемесі себеп болды. Президент Масктың ауқымды мемлекеттік шығындар туралы заң жобасына қарсы шыққанын сынап, оның бұл әрекетін электромобильдерге арналған субсидиялардың қысқаруымен байланыстырды. Маск бұған жауап ретінде Трамптың сөзін «жалған» деп атап, егер ол қолдау білдірмегенде "республикашылар сайлауда жеңілер еді" деп мәлімдеді.

Кейінірек Маск Kill the Bill деп аталатын науқанды қайта жандандырып, Трамптың атышулы Джеффри Эпштейнмен байланысын меңзеп, 1992 жылғы кештен архивтік бейнежазбаны жариялады. Сонымен қатар, ол жаңа саяси партия құруды ұсынды және әлеуметтік желі X арқылы сауалнама жүргізді. Қатысушылардың 80%-дан астамы бұл идеяны қолдады. Маск Трампты отставкаға кетуге шақырған үндеуді де қолдап, оның орнын вице-президент Джей Ди Вэнске беруді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы