Мас жүргізушілердің жауапкершілігі жеңілдетілмейді – ІІМ

17 Сәуір 2024, 11:17
358
Бөлісу:
Мас жүргізушілердің жауапкершілігі жеңілдетілмейді – ІІМ
Фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мас жүргізушілердің жауапкершілігін жеңілдетпеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын елімізде мас жүргізушілердің кесірінен шамамен 500 көлік апаты тіркеледі. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 600 адам түрлі дене жарақатын алады. 6 жылда, яғни 2018-2023 жылдары көлікті мас күйде жүргізудің 148 мың дерегі тіркелді. Былтыр мұндай 22 мың дерек анықталды. Менің ойымша, бұл шара керек (мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру) және орынды. Оны қарастырудың керектігі жоқ, - деді вице-министр.

Игорь Лепеха үш негізгі мәселені атап өтті.

Біріншіден, егер адам рөлде ішпесе, оған заңда қандай санкция қарастырылғаны маңызды емес. Екіншіден, біз көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді айтып отырмыз. Мас жүргізушіледің кесірінен жақындары жол-көлік апатынан көз жұмған отбасылардан сұрайық. Үшіншіден, біз де талдау жүргіземіз. Мұндай адамдар көп емес. Бұл мәселені белгілі бір адам көтереді. Менің ойымша, бұл іс-шара керек (мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру). Кейбір елдерде мұндай адамдардан көлігін тәркілеп алады. Бізде мұндай ұсыныс қолдау таппады. Сондықтан жауапкершілікті жеңілдету орынсыз деп санаймын, - деді ІІМ вице-министрі Мәжілісте.

Лепеханың айтуынша, елімізде мас жүргізушілер кесірінен болатын көлік апаты азаймай отыр.

22 мың көлік апаты. Негізінен деректер бұдан да көп. Бүгінде көлік тоқтату ережесі күшейген. Егер жүргізуші жол ережесін бұзбаса, біз оны тоқтатпаймыз. Егер біз басқа елдердегі сияқты арнайы рейд жүрсізсек, бұл дерек жоғары болар еді, - деп түсіндірді ол.

Мәжілісте Әділет министрі Азамат Есқараев “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда таныстырғанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы