Мас жүргізуші қағып кеткен төрт қыздың біреуі қайтыс болды

14 Наурыз 2021, 18:45
2427
Бөлісу:
Мас жүргізуші қағып кеткен төрт қыздың біреуі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен бір оқушы қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып zakon.kz хабарлады.

Еске салсақ, 2 наурызда УАЗ көлігінің 54 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлікке отырып, 4 қызды қағып кеткен болатын. Салдарынан оқушылар ауруханаға, ал жүргізуші айықтырғышқа жөнелтілді. 

Almaty.tv мәліметтеріне сүйенсек, апатта зардап шеккен екі қыз комаға түскен болатын. 

9 жастағы науқастың жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Тағы біреуі әлі де комада. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр. Үшінші оқушы ем алып жатыр. Ал төртінші қыз тек қатты шошынып қалған, - делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл оқыс оқиғаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алған болатын.


Өзгелердің жаңалығы