Мас жүргізуші қағып кеткен 4 оқушының жағдайы белгілі болды

9 Наурыз 2021, 16:58
1590
Бөлісу:
Мас жүргізуші қағып кеткен 4 оқушының жағдайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен оқушылардың жағдайы белгілі болды. 

Алматы облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, ауыр жарақат алған қыздар шұғыл түрде Шелек ауылының ауруханасына жатқызылған. Қазір оларды Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургтары, травматологтары және реаниматологтары күнделікті келіп тексеріп, тиісті көмектерін беріп жатыр екен. 

Қазір 2012 жылғы екі бала өте ауыр жағдайда жатыр. 2011 жылғы үшінші қыздың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Ол Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында ем алып жатыр. Оған травматолог-дәрігерлердің қатысуымен ота жасалды. Облыс басшысы Амандық Баталов оқушыларды қайта қалпына келтіруге бағытталған барлық шара қолға алынғанын атап өтті, - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, 2 наурызда 54 жастағы УАЗ көлігінің жүргізушісі алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырып, 4 бірдей қызды қағып кеткен еді.

Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны соншалық, қыздар тұрған жерінен жан-жаққа шашырап кеткен. Салдарынан екі қыз комаға түсіп қалды. Ал тағы бір жасөспірім орташа дәрежедегі жарақат алған. 

Қуанышқа орай төртінші қыз жарақат алмаған, тек қатты шошып қалған.



Өзгелердің жаңалығы