Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мас мопед жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

10 Сәуір 2025, 12:16
873
Бөлісу:
 Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Оқиға Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесінде болған. Жол ережесін бұзып, көлікті сенімсіз басқарған жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Тексеру кезінде 2001 жылы туған азаматтың алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Оның бұл жағдайы медициналық сараптама арқылы расталды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Мас күйінде көлік басқару – өте қауіпті әрекет. Бұл жағдайды дер кезінде бақылауға алғанымыздың арқасында үлкен апаттың алдын алдық, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Өзгелердің жаңалығы