Мас адам бөгде үйге басып кіріп, сонда ұйықтап қалған

29 Қаңтар 2021, 13:46
3732
Бөлісу:
Мас адам бөгде үйге басып кіріп, сонда ұйықтап қалған

Алматы, BAQ.KZ. Қапшағайда ішімдікке сылқия тойған ер адам бөгде үйге басып кіріп, қонақ бөлмеде ұйықтап қалған. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қапшағай қаласындағы полиция бөлімшесіне орталық аурухана қызметкерлері хабарласып, соққыға жығылған науқас жайлы айтқан. Жедел тексеру барысында басқа да жайттар анықталған.

Бұл жайтты ары қарай тексеру бойынша жәбірленуші айғақ беруден бас тартып, қазір дәрінің күшімен отырғанын айтқан. Жәбірленуші ауруханаға түскенде мас болған. 

Тексеріс кезінде жәбірленуші мас болып, түнде бөгде үйге кіріп, сондағы қонақ бөлмеде ұйықтап қалған. Үй иесі оны байқап, оятқан кезде екеуі сөзге келіп қалған, салдарынан үй иесі бірнеше соққы жасаған, - дейді Қапшағай қалалық ПБ бастығының орынбасары Рауан Шалбаев.

Қазір күдіктінің бөгде үйге қалай және не үшін басып кіргені анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы