Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция батальоны мас жүргізуші ұстады, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қыркүйек айының ортасында патрульдік полиция батальонының инспекторлары мас күйінде көлік жүргізген Mercedes Benz көлігінің жүргізушісін анықтады.
Құжаттарын тексеру кезінде автокөліктің заңды иесі де салонда мас болған. Бірақ көлік қожайыны бұған дейін де заң бұзып, автокөлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылған екен.
Соттың қаулысымен автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК 608 бабы 6 бөлігінде қарастырылған Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылды, - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.