Алматы, BAQ.KZ. БАӘ эмиратының ханзадасы Абу-Даби Мухаммед бен Заиид Twitter-дегі микроблогына Марсқа ұшу әмірлік ғарышкерлердің мақсаты болғанын жазды.
«Хаззаа әл-Мансуридің халықаралық ғарыш айлағына барып жерге дін аман оралғаны үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Әмірліктерді тарихи жетістігімен құттықтаймын. Зейидтің ұлдары Марсқа жету ниетімізді іске асыруға бел буды», - деп жазды ханзада.Бұған дейін халықаралық ғарыш станциясынан «Союз МС-12» ғарыш кемесінің үш экипаж мүшесі Қазақстан аумағына келіп қонған болатын. Ғарыш кемесінің бортында ресейлік Алексей Овчинин, америкалық Ник Хейг және БАӘ ғарышкері Хаззаа әл-Мансури болған.
Сондай-ақ, БАӘ ғарыш агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы Ахмад Белхоул халықаралық ғарыш станциясына тағы бір ғарышкерін жіберуді жоспарлап отырғандықтарын айтқан.