Марқакөл ауданында шектен тыс қалың қар жауып, ауылдар қар құрсауында қалған. Қалың қардың кесірінен жолдар жабылып, малшы қауымның жағдайы ауырлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті жұрттың айтуынша, Ақбұлақ, Марқакөл, Ақжайлау, Ұранхай, Төсқайың, Бұғымүйіз, Шанағаты ауылдарында қалың қар жауып, жол қатынасы қиындаған.
Ауылдарда жағдайдың қиындағанын айтқан жұрттың пікірі мен видеолары әлеуметтік желілерде тарады.
Апат айтып келмейді дегенмен де жағдайды жауапты тұлғалалар бақылауға алып, жұт болған өңірге көңіл бөлу керек. Ауыл тұрғындары бұлақтан су алып іше алмай қалыпты. Малға да су бере алмай отыр екен. Ауырған адамдар қалаға жете алмай жатыр. Жаратқан өзі жар болсын деп тілейік. Жұттан жұртымыз аман болсын, – деді жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Көпен Ерқасов.