Марокконың оңтүстік-шығысында нөсер жауын су тасқынына ұласып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, елдің ішкі істер министрі Рашид эль-Халефи жағдайдың ушыққанын айтты.
Қатты дауыл мен су тасқыны салдарынан Тата қаласында 7 адам, Тизнит пен Эр-Рашидии қаласында 2 адам көз жұмып, Тата, Эр-Рашидии және Таруданте қалаларында 9 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Сонымен қатар соңғы екі күн ішінде жауған жауын-шашын өңірдің жылдық нормасының жартысына жеткен.
24 үй толықтай бүлініп, 93 жол қираған, көлік құралдары, электр, су және телефон желілері істен шыққан.