Мароккода екі ғимарат құлап, 22 адам қаза тапты

Марокконың солтүстігіндегі тарихи Фес қаласында төрт қабатты екі іргелес ғимарат құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты, тағы 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Le Monde газеті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 AHMED ALAOUI MRANI/AFP 11 Желтоқсан 2025 2025, 03:40
11 Желтоқсан 2025 2025, 03:40
706
Фото: AHMED ALAOUI MRANI/AFP

Марокконың солтүстігіндегі тарихи Фес қаласында төрт қабатты екі іргелес ғимарат құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты, тағы 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Le Monde газеті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, сондықтан зардап шеккендердің саны артуы мүмкін. Оқиға түнде Әл-Мұстақбал кварталында орын алған. Көрші үйлердің тұрғындары қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды.

Ғимараттардың ұзақ уақыт бойы қараусыз қалғаны атап өтілді.

Наверх