Мароккадағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Сыртқы істер министрлігі Мароккода жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 t.me/pressmfakz 10 Қыркүйек 2023 2023, 16:31
10 Қыркүйек 2023 2023, 16:31
1398
Фото: t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігі Мароккода жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Марракештен 80 шақырым жерде Мароккода 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 2 мыңнан асты. Марокко королі Мұхаммед VI жер сілкінісі құрбандарына байланысты елде үш күндік аза тұту жариялады.

Наверх