Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ДИАҚБ Миссиясының басшысы Ярослав Домански (Польша) және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Арнайы үйлестірушісі Кристиан Вигенинмен (Болгария) кездесті.
Кездесу барысында М.Баймұхан ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты атап өтіп, осы жылдың 10 қаңтарында өткен ҚР-дағы парламенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін атап өтті.
Я. Домански ДИАҚБ мен ЕҚЫҰ ПА-ның Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, оның ішінде сыртқы саяси ведомствосымен өзара іс-қимылын оң атап өтті. Сондай-ақ Миссияның Қазақстандағы жұмысын ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Сайлау арасындағы ҚР мемлекеттік органдарымен, оның ішінде жақын арада шығатын ДИАҚБ ұсынымдары бойынша тығыз ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.
К.Вигенин Миссияның жұмысына көмектескені үшін ҚР мемлекеттік органдарына алғысын білдіре отырып, күрделі эпидемиологиялық жағдайларға қарамастан сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейін және бұл басқа елдер үшін сөзсіз үлгі болатынын атап өтті.