Сенатор болып тағайындалған Марат Қожаев Сенат палатасының отырысында ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, нығайтуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Марат Қожаев.