Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды.
ҰҚК баспасөз қызметі Марат Ирменовтың тағайындалғанын растады.
Бұған дейін 2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2016-2020 жылдары ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.