COVID-19-бен күрес: Дәрігерлер ерлігі еш ұмытылмайды

28 Шілде 2020, 09:15
2599
Бөлісу:
COVID-19-бен күрес: Дәрігерлер ерлігі еш ұмытылмайды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел басына түскен эпидемия әр адамды әуреге салып қойғаны анық. Пандемия басталғалы инфекцияға қарсы күрес майданында алғы шепте жүргендердің бірі – медицина мамандары. 

Ауруханаларда орын, қорғаныш костюмдері, дәрі-дәрмек, кадр тапшылығын алғаш сезінгендер де дәрігерлер. Жақынынан айырылған немесе бір жұтым ауаға зар болған халықтың эмоционалды жағдайына кеудесін тоса білген де солар. Жақындарынан жырақта демалыссыз, ұйқы-күлкісіз жүрсе де олар міндеттерінен айнымады.

Бүгінде елімізде коронавирус пандемиясынан құрбан болған қазақстандықтар саны – 585 адам. Олардың қатарында медицина мамандары – провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері де бар. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясынан қаза тапқан медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Тиісті марапаттар қайтыс болған азаматтардың жақындарына табысталды.

Төменде бейбіт күннің батырларының тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

"Халық Қаhарманы" атағымен

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм)

Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

Исаев Олег Николаевичты (марқұм)

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі

"Барыс" атағымен

Тажденова Агзипа Насырқызы (марқұм)

Шымкент қаласы "№ 1 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК терапия бөлімінің меңгерушісі

Арымбаев Даулет Амирбекұлы (марқұм)

"Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы" бас дәрігерінің орынбасары

"Парасат" орденімен 

Баймухамбетов Қайрат Қажиманұлы (марқұм)

Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы  

Буланов Бекжан Серікбосынұлы (марқұм) 

"Семей медицина университеті" КеАҚ Университеттік госпиталінің бөлімше меңгерушісі

Мукатаев Айдар Джанбырбайұлы (марқұм)

Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Кыргызалиева Эльмира Каленовнаны (марқұм) 

"Алмаз Медикал Групп" ЖШС жалпы практика дәрігері

"Құрмет" орденімен 

Абдикулова Мариям Қабылбекқызы (марқұм)

Шымкент қаласы "№1 қалалық клиникалық ауруханасы" МКК бөлім меңгерушісі

Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы (марқұм)

Шымкент қаласы "Қалалық диагностикалық орталық" МКК дәрігері

Мамаев Хасым Махмудович (марқұм)

Шымкент қаласы "Қалалық диагностикалық орталық" МКК дәрігері

Садиев Орынбасар Алипбекұлы (марқұм)

Шымкент қаласы "№1 Қалалық клиникалық аурухана" МКК бөлім меңгерушісі

Шолох Павел Иванович (марқұм)

ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы дәрігер-урологы

Бәркібаева Нұргүл  Рамазанқызы (марқұм)

"Семей медицина университеті" КеАҚ Университеттік госпиталінің  дәрігері

Тусунбаева Фарида Қайсенқызы (марқұм)

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының №4 емханасы" эндокринолог дәрігері

Алашбаев Бегалидин Байжонұлы (марқұм) 

Алматы облысы Ұзынағаш ауылы Орталық аудандық аурухананың дәрігері

Кожағалиев Олжабай Мусаипұлы (марқұм) 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Көпбейінді медициналық орталығы" ШЖҚ МКК дәрігері

Малібеков Жәнібек Жұмашұлы (марқұм)

Шымкент қаласы № 1 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігері

Альмаханова Қафиза Батырханқызы (марқұм)

Шымкент қаласы "№8 қалалық емханасы" МКК  аға мейірбикесі

Дәулетов Жұмабек Бәгітұлы (марқұм)

Атырау облыстық №2 аурухананың инфекционисты

Әуелбаев Тимур  Айдарханұлы (марқұм)

Шымкент қаласы "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК фельдшері

Байменова Гаухар Аштайқызы (марқұм)

Шымкент қаласы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" МКК аға мейірбикесі

Лошманова Ольга Васильевна (марқұм)

"Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" наркологиялық қызметінің жалпы клиникалық бөлімшесінің учаскелік мейіргері

Демесинова Алмагуль Қайденқызы (марқұм)

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері

Сұлтанғалиев Гадлет Мәмбетжанұлы (марқұм) 

Атырау облыстық аурухананың рентгенолог дәрігері

Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы (марқұм) 

Қарағанды облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Бұхар Жырау аудандық бөлімінің бас маманы 

Зикирия Айнұр Нұрланқызы (марқұм)

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасы кардиолог мейірбикесі

Абенова Гаухар Оразбекқызы (марқұм)

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасы бас мейірбикесі

Жұбатқанов Қоныс  Аманшаұлы (марқұм) 

"Қазалы аудандық  ауруханасы" эпидемиолог – дәрігері

Жұмағазиев Іскендір Жиенбайұлы (марқұм) 

"Қазалы ауданаралық ауруханасы" инфекционист – дәрігері

"Ерен еңбегі" медалімен

Айсауытов Болатбек Нәкібайұлы (марқұм)

Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы станциясының дәрігері

Сейіткәсімов Мырзахан Күлбайұлы (марқұм) 

Алматы қаласының "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК №2 қосалқы станциясының жүргізушісі

Байқұлов Серік Бектұрсынұлы (марқұм)

Алматы қаласының "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК жүргізушісі

Меркуленко Владимир Павлович (марқұм) 

Семей қаласы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының санитары

Егеубай Құлай (марқұм)

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық аурухананың орта медициналық қызметкері

Байғабылова Сәуле Олжабайқызы (марқұм)

Ақмола облысы "Егіндікөл аудандық аурухана" ШЖҚ МКК орта медициналық қызметкері

Мукашева Айгерім Кәкімқызы (марқұм)

Екібастұз қаласы "№3 Емхана" ШЖҚ КМК кіші медициналық қызметкері

Шәріпова Гүлбаршын Хасенқызы (марқұм)

Павлодар облысы "№1 Емхана" ЖШС орта медициналық қызметкері

Макарова Тамара Георгиевна (марқұм)

Қостанай облысы "Ұзынкөл аудандық аурухана" КМК кіші медициналық қызметкері

Новоселова Елена Анатольевна (марқұм)

Қостанай облысы "Жітіқара аудандық аурухана" КМК № 9 мектебінің медициналық мейіргері

Папузина Елена Яковлевна (марқұм)

Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы

Мұсабеков Мұхамедхан Алтынқанұлы (марқұм)

"Көкпекті аудандық аурухана" ШЖҚ КМК офтальмологы   

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан болатын. Коронавирус пандемиясының құрбандарын Ұлттық аза тұту күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты. Министрлік індеттен көз жұмған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы