Маралды көлінде туристік маусым ашылды

13 Маусым 2022, 18:36
2808
Бөлісу:
Маралды көлінде туристік маусым ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Маралды тұзды көлінде туристік маусым ресми түрде ашылды. Қазіргі уақытта жүздеген тынығушы көлдің шипалы суына түсіп, батпағымен емделіп жатыр.

Қазақтың халық жазушысы әнге қосқан Маралды көлі облыс орталығынан 54 шақырымдық жерде орналасқан. Қазіргі уақытта инвестор келіп, тынығушылар арасында сұраныс жоғары көл жағасында ішкі туризмді дамытып жатыр.

Маралды көлінде туристік маусым ашылды

Алғашқы маусымымыз жақсы өтті деген ойдамыз. Карантиндік шаралар мен ауа райының қолайсыз болғанын ескеру керек. Дегенмен, тынығушылар ағылып жатты. Өткен жазда 24 мың адам келіп, Маралды көлінің сұлу табиғатымен тамсанып қайтты. Біз үшін бұл – жақсы көрсеткіш. Оған қоса, демалыс аумағы шілде айының соңында ашылды.  Демалу мен ойын-сауық қызметінің бағасын биыл өзгертпейміз. Былтыр көл аумағына ересек адамдар үшін 1000 теңге қалпында, ал 12 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Зейнеткерлерге жеңілдіктер бар, - дейді кәсіпкер Гүлмира Отарғалиева.

Қазіргі уақытта көл жағасында 1000 орын қарастырылған. Бірнеше демалыс зонасы құрылған. 

Маралды көлінде туристік маусым ашылды

Маралдыдағы туризмді дамытуға жерглікті кәсіпкерлерді тартып жатырмыз. Бірі дүкен ашып, бірі ойын-сауық қызметтерін ұсынады. Көл жағасында ақшаңқан 12 киіз үй бар. Оларды да жеке кәсіпкер жалға береді. Биыл жаздан бастап бірнеше тәулікке жалға беруді шештік. Бизнесмендер тек коммуналдық қызмет құнын өтейді. Жаңа шатырлар, балаларға арналған машиналар, жазғы дәмхана, қазандықтар іске қосылады. Демалушылар арасында балалар көп болса, жеткіншектерге арналған күндер болады деген ойымыз бар. Сол күні кішкентай туристерімізге жеңілдіктер жасамақпыз, - дейді  кәсіпкер.

Маралды көлі тұзды суымен танымал. Туристер бірінші кезекте емдік қасиеттерге бай балшығы мен шималы суына қызығады екен. Кәсіпкерлер сапалы қызмет көрсету мақсатын көздеп отыр. Көл маңында коммуналдық және жол ифрақұрылымы бар. Бірнеше жыл бұрын су айдынына апарар тас жол салынып, жарықтандыру жүйесі тартылған. Бар жағдай жасалғандықтан, кәсіпкерлер биылғы туристік маусым табысты өтеді деген сенімде.

Өзгелердің жаңалығы