Мақат тұрғындары пойыздан 20 тонна алюминий ұрлаған

Бүгiн, 01:27
294
Бөлісу:
Мақат тұрғындары пойыздан 20 тонна алюминий ұрлаған
Фото: ашық дереккөз

Мақатта жүк пойызын тонаған төрт жігіт бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

azh.kz ақпараттық сайтының жазуы бойынша, олар Мақат стансасы арқылы өтетін жүк пойызының вагондарынан алюминий құймаларды ұрлаған.

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауытынан» келе жатқан тауар Швейцарияға экспортталуы тиіс болған. Алайда жүк Ақтаудағы портқа жеткен кезде, оның 20 тоннасының кем екендігі белгілі болады.

Жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Мақат ауданының төрт азаматын ұстаған.

Тергеу реттілігі бойынша қылмыстық іс Мақат аудандық сотына жолданып, төрт азаматтың екеуіне 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімі шығып, екі азаматқа 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды, - деді Мақат станцасындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Құралбек Ералиев.

Бас бостандығынан айырылған екі азамат бұрын да жүк ұрлап істі болған.

Өзгелердің жаңалығы