«Мәні терең ойын». Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

17 Қазан 2022, 15:17
2435
Бөлісу:
«Мәні терең ойын». Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Бесінші рет тоғызқұмалақтан NIS желілік спартакиадасының абсолютті чемпионы болып Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің құрама командасы танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зият пен дәстүрді тоғыстырған тоғызқұмалақ ойынының NIS желісінде танымал ойындардың бірі. Жыл сайын Зияткерлік мектептердің жүздеген оқушысы асыға күтетін ерекше шаралардың бірі – тоғызқұмалақтан дәстүрге айналған желілік чемпионат. Жас спортшылар үшін тоғызқұмалақтың мәні терең. 

NIS-тің төрешілер тобының жыл сайынғы мүшесі, Талдықорғандағы спорт мектебінің тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Бауыржан Шурин ұлттық ойындардың компьютерлік ойындарды ығыстырып жатқанына сенімді.

Тоғызқұмалақ бойынша желілік спартакиаданың Зияткерлік мектептерде дәстүрлі түрде өткізілетіні қуантады. Ұлттық ойындар – біздің байлығымыз, олардың кез келген түрі тарихымыз бен мәдениетімізді тануға, елжандылық, батылдық пен спортқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған, – деді Бауыржан Шурин.

Спартакиада қорытындысы бойынша, үш жас санаты бойынша Талдықорған, Семей және Қызылорда қалаларындағы Зияткерлік мектептер командалары 2022 жылдың абсолютті чемпиондары атанды. Жеке есепте көкшетаулық Ажар Сәрсенбай, талдықорғандық Абылайхан Тыныштықбай, семейлік Малика Әсемханова мен Еркебұлан Досан, ақтаулық Жансая Жәрдем және оралдық Абылай Маметан жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақ халқының қайталанбас мұрасына айналып, зият пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ ойынына қатысатын оқушылармыздың саны артқаны – біз үшін командалық жеңіс, – деп атап өтті NIS-ті дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Зияткерлік мектептердің ежелгі ойынды жандандырудағы ауқымды бағдарламасы оқушылардың ұлттық тарихқа, салт-дәстүр мен мәдениетке қызығушылығы артқанын растайды.

2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.
 

Өзгелердің жаңалығы