Маңғыстаулықтың көлігінен 3 келіден астам бекіре тектес балықтың уылдырығы табылды

10 Қараша 2023, 13:49
448
Бөлісу:
Маңғыстаулықтың көлігінен 3 келіден астам бекіре тектес балықтың уылдырығы табылды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстаулық тұрғынның көлігінен 3 келіден астам бекіре тектес балықтың уылдырығы табылды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Ж. есімді ер адамның бекіре тектес балықтың уылдырығын сатумен және сақтаумен айналысып жүргендігі жөнінде жедел ақпарат келіп түсті.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мұнайлы ауданының Атамекен селосында Toyota Ipsum автокөлігінен алты пластикалық қорапқа салынған бекіре тектес балықтың уылдырығын анықтап, тәркіледі.

Жалпы салмағы 3,1 келі. Полиция қызметкерлері осы дерек бойынша 33 жастағы ер адамды ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданы полициясында СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы