Маңғыстаулық жас жұбайлар референдум учаскесіне катермен келді

Олар жолшыбай love story түсіріп үлгерген.

 Маңғыстау облысының әкімдігі Кеше 2026, 12:45
Кеше 2026, 12:45
128
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында жас жұбайлар республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскеге ерекше тәсілмен Каспий теңізі арқылы катермен жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жұп жеке өміріндегі ең маңызды күндердің бірін қоғамдық-саяси оқиғаға қатысумен ұштастыруды жөн көрген. Олар су жолымен учаскеге келіп, азаматтық ұстанымдарын осылайша көрсетті.

Жол бойында жас жұбайлар Каспий теңізінің аясында love story үлгісінде бірнеше бейнеролик түсірген. Кадрларда теңіз көріністері, катердегі серуен және жағалауға жеткен сәттері бейнеленген.

Жұптың мұндай ерекше келуі өңірдегі дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. Түсірілген бейнелер әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қолданушылар арасында қызу талқыланды.

Облыстық сайлау комиссиясында мұндай оқиғалар жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласып, ел үшін маңызды шараларға қатысуға ұмтылатынын көрсететінін атап өтті.

Дауыс бергеннен кейін жас жұбайлар референдумға қатысу олар үшін символдық мәнге ие болғанын айтты. Себебі бұл күн отбасылық өмірлерінің басталуымен тұспа-тұс келген. Олардың сөзінше, олар үйлену тойын ғана емес, ел болашағына қатысты маңызды оқиғамен байланысты сәтті де есте сақтауды қалаған.

Наверх