Маңғыстаулық құтқарушылар Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
2024 жылғы 25 наурыз қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты (қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның мол түсуі) Ақтөбе облысының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамнан 52 қызметкер, 5 бірлік техника, 8 мотопомпа, 1 «IRIDIUM» спутниктік терминалы және 1 квадрокоптер күштер мен құралдары жіберілді. Ақтөбе облысы бойынша топқа жетекшісі Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Н.Ө. Айжарықов.
Маңғыстау облысы ТЖД күштерімен Ақтөбе облысы аумағында авариялық-құтқару жұмыстары басталғалы бері 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 3 бала, 30 180 текше метр су сорылды, 7 180 дана инертті материал салынған қаптар дайындалып, төселді.
2024 жылғы 28 наурыз Батыс Қазақстан облысының аумағында қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдай департаментінен 46 жеке құрам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы, 8 мотопомпа, 1 «IRIDIUM» спутниктік терминалы және 1 квадрокоптер жіберілді. Батыс Қазақстан облысы бойынша топқа жетекшісі «ӨСжАҚЖҚ» РММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Б.Х. Бүркітов.
Маңғыстау облысы ТЖД күштерімен Батыс Қазақстан облысы аумағында авариялық-құтқару жұмыстары басталғалы бері 66 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18 бала, 358 121 текше метр сорылды, жағалау жиегін нығайту үшін инертті материалдары бар 1000 қап дайындалды және төселді, 2 үй жануары эвакуацияланды.
Аула аумақтарынан еріген қар суын сору, мүлікті эвакуациялау және жағалау жиектерін инертті материалдармен және қаптармен нығайту жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.