Маңғыстаулық полицейлер 94 келі бекіре тәркіледі

30 Маусым 2023, 00:19
688
Бөлісу:
Маңғыстаулық полицейлер 94 келі бекіре тәркіледі
Фото: polisia.kz

Бұл туралы Маңғыстауда ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстауда ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді, - делінген хабарламада.

24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы