Маңғыстаулық оқушыларға бір жарым мың нысаналы грант бөлінеді

28 Сәуір 2023, 17:50
3725
Бөлісу:
Маңғыстаулық оқушыларға бір жарым мың нысаналы грант бөлінеді
PHOTO
Фото: автордан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарсырмасына орай, Маңғыстау мен Атырау облыстарына әрі халқы тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерге 5 мың нысаналы грант бөлінуде. Соның 1500-і маңғыстаулық мектеп бітірушілерге арналып отыр. Бұл - республикалық жалпы гранттан бөлек тағайындалған,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі конкурс нәтижесімен белгілі болатын бәсеке 4 білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Түлектер нарыққа қажет деп саналған педагогикалық, ақпараттық технология, инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша конкурсқа қатыса алады. Министрдің «Мамандығым- болашағым» бағдарламасы бар. Өңірлік карта негізінде әр облысқа қажетті мамандарды даярлауға арналады.

Маңғыстаулық оқушыларға бір жарым мың нысаналы грант бөлінеді

Сараптай отырып бұл өңірге инженерлер, ақпараттық технология саласының қызметкерлері керек екенін түсіндік. Тапшы мамандықтарға көп көңіл бөлінеді. Былтыр Маңғыстау өңірі бойынша бөлінген нысаналы гранттың 47% игерілді. Былтыр Маңғыстау облысына 6 мың грант бөлінді. Ал, бітірушілер саны одан аз болды. Қайтарылған гранттар қысқы семестр біткеннен кейін конкурс арқылы, жоғары балл жинап, ақылы оқитын студенттерге бөліп жібердік. Гранттардың игерілмеуіне жұмыстың кеш басталуы, түлектерге ақпараттың дұрыс жетпеуі себеп болды. Басқа ЖОО-ның өкілдері келген кезде жергілікті халықпен етене қарым-қатынас жасалмаған,- дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитетінің төраға орынбасары Нұрбек Сапарходжаев.

Маңғыстаулық оқушыларға бір жарым мың нысаналы грант бөлінеді

Осындай олқылық қайталанбас үшін Маңғыстауға еліміздің 42 ЖОО-ның басшылары мен жауапты тұлғалары келді. 3 сағаттан астам уақыт ата-аналар, ұстаздар және мектеп бітірушілермен кездесу өткізді. Университет өкілдері ауыл мектептерін аралап, түсіндірме жұмысын жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы