Маңғыстаулық меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды

6 Желтоқсан 2023, 21:50
698
Бөлісу:
Маңғыстаулық меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда «Жомарт жан» қайырымдылық сыйлығын салтанатты түрде тапсыру шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, азаматтық белсенділер, сондай-ақ Әзірбайжан, Иран, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан Республикаларының консулдары қатысты. 

Маңғыстаулық меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды

Байқау жеңімпаздары - 20-ға жуық адам-6 номинация бойынша марапатталды. Олар «Жыл Тұлғасы», «Жыл меценаттары», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы», «Ана Махаббаты», «Жылдың үздік қамқоршысы». 

Марапатқа ие болған жандар бірнеше жыл бойы қайырымдылықпен жүйелі түрде айналысып келе жатқан адамдар. 

Марапатталғандар қатарында «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының басшысы Роман Оразымбетов, «Ана махаббат» қорының төрайымы Салтанат Айжанақова, «Ақтау менің қаламым» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Данияр Сандыбаев бар. Сыйлықтың барлық лауреаттарына естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 

Маңғыстаулық меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенова құттықтау сөз сөйледі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бүгінгі мейірімділік пен жанашырлық мерекесі әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған қайырымды жандарды жинады. Бұл адамдарды басқаларға көмектесуге, қиыншылыққа бей-жай қарамауға, басқалардың қайғы-қасіретін өздері сияқты қабылдауға деген шынайы ниет біріктіреді. Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің еріктілеріне арнаған сөзінде еріктілер мейірімділік пен қайырымдылықтың, ынтымақтастық пен азаматтық жауапкершіліктің жоғары идеалдарын бейнелейтінін атап өтті. Бұл іргелі құндылықтар «Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде жатыр. Сондықтан осы құндылықтарды қолдау мен дамытудағы сіздердің рөліңіз еліміздің болашағы үшін маңызды екенін тағы да атап өткен жөн. Сіздер біздің қоғамдағы оң өзгерістердің тірегі және драйвері болып табыласыз, - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова. 

Салтанатты шара әртістердің мерекелік номерлерімен аяқталды.

Маңғыстаулық меценаттарға «Жомарт жан» сыйлығы табысталды
Өзгелердің жаңалығы