Маңғыстаулық бухгалтер мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз ақша бергені үшін айыппұл арқалады

24 Қыркүйек 2023, 20:43
848
Бөлісу:
Маңғыстаулық бухгалтер мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз ақша бергені үшін айыппұл арқалады
Фото: Артём Чурсинов

Маңғыстаулық бухгалтер мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз аударым жасағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Шамурайт Шаменов мәлімдеді.

Квазимемлекеттік сектордың бухгалтері тексеруге келген ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкеріне 50 мың теңге көлемінде ақша аударған. Аудитор бұл жағдайды дереу басшысына жеткізіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған

Нәтижесінде заңсыз сыйлық берген бухгалтерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беруi бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш 690 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушы бухгалтер айыппұлды өтеді.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттiк қызметшiнiң қандай да бір себептерiне қарамастан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ екенін ескертіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы