Жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру, бос уақытын тиімді өткізу қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, балалардың жазғы демалысы 2 бағытта ұйымдастырылады.
Олар:
- жазғы демалыс (7-13 жас),
- еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамту жұмыстары (7-18 жас).
Облыста 145 мектепте 1-10 сыныптарында 158 679 оқушы білім алады, олардың 144 557-і (91,1 %) жазғы демалыспен қамтылды. 2022 жылы - 91% болған еді. Оның ішінде 46 070 (32%) бала жергілікті бюджет есебінен, ал қалған 98 487 (68%) бала ата-ана, кәсіподақ, облыстағы ірі компаниялар мен кәсіпорындар есебінен тынығады, -делінген облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда 239 сауықтыру орны жұмыс жасады.
Қала сыртында 3 лагерь:Балдәурен, Фламинго, Ақбөбек бар. Онда 4800 бала, мектеп жанынан тамақтандырумен 92 лагерде 18 470 бала демалды. Мектеп жанындағы 98 кәсіптік және 46 шатырлы лагерде 25 220 балаға демалыс ұйымдастырылған,- делінген облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде.
Тамыз айында теңіз жағасындағы «Балдәурен» демалыс базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде 300-ге жуық оқушы демалып, кәсіби бағдар алатын болады. Осы жылы барлық аудандар мен қалаларда «Жас сарбаз» лагері ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, Облыстық балалар ауылының 16 тәрбиеленушісіне Шымкент қаласындағы МАШАВ лагерінде 2 ай демалыс ұйымдастырылды. «Өз еліңді таны» жобасы аясында Астана және Алматы қалаларына 120 бала экскурсияға жіберілген. Олар еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамтылып жатыр.
Жазғы демалыстардың екінші бағыты бойынша 143 627, яғни 90,5% оқушының жазғы демалыс кезіндегі уақыттарын тиімді пайдалану үшін еңбек, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамтылды. Былтыр 81,6% қамтылған.
Бұл ретте, 4 982 бала «Жасыл ел» бағдарламасымен көгалдандыру жұмыстарымен, 40 200 бала 59 аула клубында, ІТ сыныптары, робототехника және басқада спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерде; 62 283 бала туристік-өлкетану бағытындағы облыс, республика аумағында және шет елдерге саяхат, экскурсия, танымдық-туристік шаралар, оның ішінде 10 маршруттық жорық бойынша өз өңіріміздегі саяхаттармен «Жұмбақ Түпқараған», «Саура-Форт Шевченко-Тамшалы», «Жығылған», «Қаратау қазыналары», «Отпан тау», «Оңды - Әбіш ауылы», «Бекет ата мешіті», «Шопан ата Бекетата», «Бозжыра», «Қаракөл»; 36 162 бала «Жасұлан», «Жасқыран» әскери патриоттық және тілдік, дебаттық үйірмелерде қамтылатын болады ,– дейді облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы аясында 1 410 дарынды ауыл баласы жаз мезгілінде қала сыртындағы «Фламинго» лагерінде демалып жатар.