Маңғыстауды сумен қамтамасыз етуге қатысты өңір басшысы Нұрлан Ноғаев бүгінгі Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, Үкімет тарапынан Каспий тұщыту зауытын кеңейту бойынша 5,6 млрд теңге қосымша қаражат бөлінген.
Негізі Маңғыстау облысында мамырдан қыркүйек айына дейін су жетіспеушілігі байқалады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осы екі-үш күннің ішінде Мұнайлы ауданында сумен қамтамасыз ету бойынша біраз келеңсіздіктер болды. Ол техсорғының істен шығуы себепті орын алған. Зауыттың басшылығы мен әріптестеріміздің дер кезінде қабылдаған шұғыл шараларының нәтижесінде бұл ақау жойылып, Мұнайлы ауданында қажетті деңгейде су берілді, - деп атап өтті облыс әкімі
Сонымен қатар ол Каспий су тұщыту зауытында тәулігіне 20 текше метр су дайындайтын қондырғылардың жұмыс істеп тұрғанын алға тартты.
Оны 40 мың текше метрге дейін көтеру жөніндегі жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80 пайызға жуығы аяқталды. Негізгі технологиялық жабдықтарды, құрылғыларды орналастыру жөнінде тапсырыс берілді. Дайындалу үстінде. Тамыз айында Маңғыстауға сол қондырғылар әкеліне бастайды. Монтаждау жұмыстарымен айналысамыз. Қыркүйек айының соңына дейін монтаждау жұмыстарын аяқтап, қазан айында іске қосу жоспарда бар. 5,6 млрд теңге қомақты көмек. Қазан айында Мұнайлы, Қарақия аудандары мен Ақтау қаласының бір бөлігін қосымша сумен қамтамасыз ету мүмкін болады, - деді Нұрлан Ноғаев.