Маңғыстау облысындағы Таушық ауылында нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрларда ауыл көшелерінің қатты ағын суға толғаны көрінеді, деп хабарлайды Lada.kz.
Ауыл әкімі Нұржан Бақтыбаевтың айтуынша, нөсер шамамен сегіз минутқа созылған. Жауын-шашынның ең қарқынды кезеңі түнгі және таңғы уақытта тіркелген. Интернетте тараған бейне дәл осы кезде түсірілген.
Әкімнің мәліметінше, тұрғындардан ешқандай шағым түспеген. Тұрғын үйлерді су басу немесе шатырлардың ағуы сияқты жағдайлар тіркелмеген. Негізгі су ағыны теңіз бағытына қарай кеткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары жауын-шашынның мол түскеніне таңданысын білдіріп, өңірдегі құрғақшылық мәселесін де сөз етті. Кейбір тұрғындар ауылдағы су ағару жүйесіне қатысты мәселелерге назар аударды.