Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлім етті.
Биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы қан сынамаларын алып, зертханалық тексерулер өткізу жоспарланған. Жыл басынан бері профилактикалық іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Аса қауіпті 10 түрлі ауруға қарсы вакцина егілді. Олар етқоректілердің эхинококкозы, түйенің обасы, құтыру, анаэробты энтеротоксемиясы, брадзоты, пастереллезы, жылқы мен түйенің сібір жарасы, туберкулез ауруы. Аталған індеттерге қарсы барлығы 240 201 доза вакцина егілді. 91 551 бас малдан қан сынамалары алынып, диагностикалауға зертханаға жолданды. Профилактикалық жұмыстарды уақытылы жүргізу нәтижесінде бұл аурулар Маңғыстау облысында анықталған жоқ, - деді Бердібек Марқабаев.
Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаевтың айтуынша, 2021 жылы облыста барлығы 7392 ит, 1150 мысық ауланып, жойылған. Мұнайлы ауданында 1751, Ақтауда 1355, Жаңаөзенде 1688 ит-мысық жойылды.