Маңғыстауда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғалы 10 мыңнан астам көлік мемлекеттік нөмір алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 1 шілдеде аяқталады. Рәсімдеу басталғалы 6 ай ішінде Маңғыстау облысында 10 мыңнан астам көлік мемлекеттік нөмір алған.
Айта кетсек, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Бірақ өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыра алады.
Көлік құралдарынрәсімдеу уақыты 1 шілдеде аяқталады. Ең бастысы өтінім беріп қою керек. Өтінім берген көлік иелері 1 шілдеден кейін де көлікті рәсімдей алады. Өңірде көліктерді рәсімдеу бойынша қазір сағат кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істеп жатырмыз, - деді Маңғыстау облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөілімінің басшысы Жұпарбек Жарменов.