Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала. Сәбилердің салмағы 1890 гр,1950 гр және 2700 грамды көрсетті. Нәрестелерге ата-анасы Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған.
Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.